Жат ағымға тән негізгі белгілер

0
662

Адамның ең қымбат қазыналарының бірі – көңіл. Сондықтан біз сақтануымыз керек бір нәрсе, адам көңілін қалдырудан, ренжітуден сақ болуымыз керек екен. Тақуа иелері өз араларында күніге екі сұрақ сұрайды екен, әуелгісі, «біреудің көңілін қалдырмадың ба?» десе, екіншісі «намазыңды қаза қылмадың ба?» деп. Егер әуелгі сұраққа «ешкімнің көңілін қалдырмадым» деп жауап берсе, онда екінші сұрақтың жауабы сұралмайды екен. Ертеректе бір кісі қызба мінезді ұлына бір уыс шеге беріп: «Достарыңмен жанжалдасып қалған сайын мына тақтайға бір шегеден қағып отыр», – деп тапсырыпты. Әкесінің тосын талабын қызық көрген баласы айтылған сөзді орындауға кіріседі. Содан бірнеше күн өткесін әкесіне келіп, барлық шегені тақтайға қағып тастағанын айтады. «Енді, балам, бүгіннен бастап сол достарыңмен татулас, бірақ татуласқан әр күнің үшін тақтайдан бір шегеден суырып алып тастап отыр», –  дейді әкесі. Арада бірнеше күн өтеді. Қағылған шегелер түгел қайта суырылады. Сонда әкесі баласына шеге қағылған тақтайды көрсетіп: «Балам, жарайсың, –  депті, –  алайда, мына тақтайға жақсылап қарашы. Сен одан шегелерді суырып тастасаң да тақтай әуелгі таза, тегіс қалпында қала алмады. Адам көңілі де сондай, ренжіген сәтте айтқан жаман сөздерің көңілде мына шегелер тәрізді шұрқ-тесік із қалдырып отырады» деген екен. «Көңіл – адамның қағбасы. Оны ренжітуге болмайды», «Наданның көңілі дүниеге, дананың көңілі Аллаға байланған» деген даналар сөзі бекер айтылмаса керек. Дайындаған –Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

Барлық құқықтар қорғалған. Kazislam.kz порталына сілтеме беру міндетті: Дананың көңілі – Аллада | Қазақстандағы Ислам