Рим Папасы Франциск: Біздің мақсатымыз – сынақтар алдындағы бірлік

0
422

Ватикан мемлекетінің басшысы, Рим Папасы Франциск Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің ҮІІ съезінде сөйлеген сөзі барысында Қазақстанның дінаралық құндылықтарды сақтауға бейім ел екендігін тілге тиек етті. – Әлем бізден шынайы дінді, рухани байлықты күтеді. Құрметті бауырлар, біз жүрегізімді қайырымдылыққа толтыратын, соны шынайы көрсететін уақыт келді. Біз бейбітшілікке мұқтажбыз. Оның басты негізі діни еркіндікте. Діни бостандық – әр адамның ең бастапқы құқығы. Әрбір адам қандай дінді ұстанамын десе де өзі шешеді. Сол кезде барлық дін өкілдері бір-бірімен жақсы қарым-қатынаста өмір сүреді. Қазақстан осы құндылықтарды сақтауға бейім. Бұл съездің 20 жыл бойы өтуі соған дәлел. Биылғы жиын да біздің рухани дамуымыз үшін шешім қабылдайтын шақ. Барлық проблемаларды бірге шешуге тиістіміз. Біздің алдымыздағы міндет – сынақтар алдындағы бірлік, – деді ватикандық дін өкілі. Рим Папасы Франциск қазіргі таңдағы теріс діни ағымдар туралы да айтып өтті. Дін атын жамылып, өз зұлымдықтарын жүзеге асыратын адамардың алдын алу үшін барлық конфессия өкілдері тізе қосуы керек екенін алға тартты.