Әйел-қыздарға арналған алғашқы оқу курсын 24 ұстаз тәмамдады

0
400

Шымкент қаласының әйел ұстаздары Орталық мешіт жанындағы діни білімін арттыру һәм қайта даярлау курсын тәмамдады. Оқу-ағарту бағытында тұңғыш ұйымдастырылған курсты Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов ашып, әйел ұстаздың асыл дініміздегі алар орны мен ерекшеліктеріне тоқталып, арнайы дәріс оқып, қатысушыларға сертификат табыс етті. Курста әйгілі әл-Азһар университетінің түлегі Нұрсұлтан Мамедалиев, Дәулет Туленов, Қазыбек Сарыбаев, Мұхамеджан Естеміров, Исламқұл Иманқұлұлы, Балжан Досжанова сынды білікті ұстаздар дәріс оқыды. 12 күнге созылған курста ҚМДБ қабылдаған Концептуалды құжаттарға сәйкес Құран шариғат және пәтуа, ақида, фиқһ, және дін мен дәстүр, халал өнімдері жөнінде дәріс оқылды.