Дархан Қыдырәлі: Әріптестерімді дәйекті деректерге ғана сүйенуге шақырамын

0
380

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбук парақшасында фейк ақпараттарды тарату уыздай ұйып отырған ұлттың берекетін кетіру үшін жасалынып отырғанын, сондықтан тек деәйекті мәліметтерді ғана таратуға шақырды. “Соңғы кездері ашық арандатушылық бағыттағы, манипуляция ақпараттар көбейіп кетті. Қазақстанда болмаған оқиғаны осы жерде болды деп көрсету, фейк ақпаратты таратудың түпкі мақсаты белгілі. Қазір елімізде өтіп жатқан халықаралық іс-шаралар мен көптеген елдің лидерлерінің келуі, халықаралық деңгейдегі түрлі тарихи маңызды шешімдердің қабылдануы Қазақстан имиджіне оң әсер етері белгілі. Ал әлгіндей жалған, әдейі жасалған ақпараттық шабуылдар уыздай ұйып отырған ұлттың берекесін кетіру үшін әдейі жасалатыны анық. Сондықтан әсіресе, әріптестеріме әлеуметтік желідегі тексерілмеген ақпараттарға сергек қарап, тек қана дәйекті мәліметтерге сүйенуін сұраймыз”, – деп жазды ол.