«Жаназа рәсіміндегі бірізділік тәртібі» семинары өтті

0
476

Астана қаласындағы «Ақмешіт» мешітінде елорда имамдарына арналған «Жаназа рәсіміндегі бірізділік тәртібі» семинары өтті. Семинар аясында «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы, «Ақмешіт» бас имамы Дәурен Муслимов, «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана қаласындағы жауапты өкілі Мерей Жақия қатысып, баяндама жасады. ҚМДБ жанынан құрылған «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы жаназа рәсіміне қатысты жұмыс ережелерін таныстырып, қатысушылар сауалдарына жауап берді. Бөлісу: