Ақтөбеде имамдар 2022 жылды қорытындылады

0
680

Ақтөбе өкілдігінің 2022 жылды қорытындылау жиынында қала, аудан имамдарының есебі тыңдалды. Есеп беру жиналысы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде өтті. Оған облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы және қала, аудан бас имамдары және мешіт қызметкерлері қатысты. Алқалы жиынды өңірдің бас имамы ашып жүргізді. Жиында имамдар ҚМДБ-ның тапсырмаларына сәйкес, негізгі 7 бағыт бойынша: Діни білім және ғылым, уағыз-насихат және ихсан, дін мен дәстүр, ақпарат және ағарту, қоғаммен байланыс, уақып және қайырымдылық және діни оңалту шараларына қатысты жыл бойы жүргізген жұмыстарын егжей-тегжейлі баяндады. Сондай-ақ, ҚМДБ бекіткен «2022 жыл – «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында атқарылған қоғамдық шаралар, жастар секторы, әйел-қыздар секторының жұмысы, қажылық насихаты, отандық туризм «Darhan Dala» жобасы, діни оқу орындарына шәкірт даярлау, мешіт құжаттарын рәсімдеу, діни рәсімдердің орындалу барысын қадағалау, шаруашылық шаралары сынды мәселелер бойынша да есептері тыңдалды. Өкілдік тарапынан қала, аудан мешіттерінің жұмысына арнайы талдау жасалып, көрсеткіштеріне қарай баға берілді. Қайырымдылық шаралары мен діни рәсімдерді атқарып, әртүрлі бағытта халыққа қызмет жасағандары үшін барша облыс имамдарына алғыс білдірді. Сонымен қатар облыс имамы Серікжан Еншібайұлы биыл діни қызметте белсенділік танытқан 9 діни қызметкерді алғыс хатпен марапаттады.