Дін — дегеніміз адамзатты екі дүние бақытына жетелейтін, тура жолға нұсқайтын бағыт. Дін — Алла тарапынан пайғамбарлар арқылы адамзат баласына жіберілген, күллі адамзатқа ортақ құндылықтардың бірі. Дін рухани байлық пен ізгіліктің, татулықтың, сабырлықтың, төзімділіктің, барша жақсылық атаулының бастау жолы. Дін – қоғамның әдептілігін, тәртібін, татулық – бірлігін, реттілігін сақтап отыратын белгілі бір қалыптасқан жүйе.
Ал діни экстремизм – діни терроризмнің орын алуының алғашқы қадамы. Экстремизм әрбір мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне ғана теріс әсерін беріп қоймай, діни алауыздықты тұтататын үлкен дерт. Оның құрығына ілінген әр мемлекет, әр қоғам үздіксіз күресуге әрекет етпесе құрдымға ұшырауы әбден мүмкін.
Діни терроризм – мемлекет пен қоғамға, күллі әлемге залал келтіруге бағытталған қозғалыс. Терроризм – сасяи, әлеуметтік, психологиялық, діни және т.б. белгілі бір қауымға, қоғамға, мемлекетке келтірер зияны мол қылмыстық іс саналады. Террористік іс-қимылдар әрқашан ашық, жария түрде өтеді және оның ауыртпашылығы билікке тікелей әсері етеді.
Діни экстремизм және терроризм әлемнің түкпір-түкпіріне жайылған қауіпті дерт. Ол дертті таратқан да адамдар. Оның алдын-алып, әрі қарай жайылмауына тосқауыл болатын да адамдар. Бейбіт елде, бейбіт қоғамда өмір сүруді қалаған әрбір адам қоғамға қауіп келтірер лаңкестік қозғалыстың алдын алуға әрекет жасау қажет. Олай болмаған жағдайда салт-дәстүрді әлсіретіп, елдің бірлігі мен татулығын, ұлттық құндылықтың ұмыт қалып, жер бетіндегі алпауыт бір ұлттың жойылуына жол ашып береді.
Қазақ қоғамында дәстүрлі діннің алар орны ерекше. Дін мен дәстүрді сабақтастыра білген зиялылар бүгінгі заманның ұрпағына өшпес мұра қалдыра білгенді. Әйтсе де білімнің жолын қуам деп шет ел асып, білімін асыра шыңдаған замандастарымыз көп жағдайда аңдамай қауіпті дертті жұқтырып, оны елге таратып жатқанын аңғармайды.
Ұлт, қоғам, мемлекет болу үшін халықтың ажырамас бірлігі керек. Халық бірігу үшін көкірегі ояу, санасы ашық, таным-түсінігі мол, сауатты қоғам болуы тиіс. Ақпараттың кеңістігі ұлғайған бұл уақытта кез келген дереккөзді саралап, салыстырмалы түрде зерделей білу қажет.
Қорытындылай келе, әлемдік қатерге айналған экстремизм және терроризм тақырыбы үздіксіз күресуді қажет ететін, адамзат баласының өмірі мен бас бостандығын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күрделі түрде жұмыс жүргізуді қажет етеді.