Діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті

0
357

Бүгін Наурыз мейрамы қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайы ғимаратында діни бірлестіктер өкілдері жиналысының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктердің өкілдері, Дін істері комитетінің, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығынің басшылығы қатысты. Жиналыс жұмысының аясында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың, рухани келісімді нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды. Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Сыздық Айбар құттықтау сөзінде Наурыз мейрамын ұлты мен дініне қарамастан әркімнің тойлауы барша Қазақстан халқының рухани келісімінің үлгісі екенін атап өтті. Өз кезегінде діни бірлестіктердің өкілдері дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Ресми бағдарлама аяқталғаннан кейін Жиналыстың мүшелері мен қонақтары үшін Бейбітшілік пен келісім сарайы мұражайында экскурсия ұйымдастырылды, сондай-ақ олар «Түркі әйелдерінің зергерлік бұйымдары» көрмесімен де танысты.