Пұтқа табынушылар мешітке шабуыл жасады

0
240

Нигерияның мұсылман ұйымдары пұтқа табынушылардан құралған қарулы топтардың агрессиясына тоқтау салу үшін ел билігіне шағым жасады. Мұндай қадамға баруға Осун штатындағы Илара елді мекенінің мешітіне жасалған шабуыл себепші болған. Қасиетті Рамазан айы кезінде Нигерияның йоруба тайпасы ұстанатын Оро атты наным-сенімнің өкілдері Иди-Омо мешітіне тұтқиылдан шабуыл жасап, мешіт имамы Абдуллатиф қажы Адесиян мен тағы 3 адамды жарақаттаған. Нигерияның мұсылман адвокаттары қауымдастығы мен Мұсылман қоғамы елде наным-сенім еркіндігін орнатып, Оро культінің ұстанушыларын тұтқындауды сұрап отыр.