ОРАЗА АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

0
545

Исі мұсылман баласының ұлық мерекесі – ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айт қабыл болсын!

Отбасыңызға бақыт пен береке, деніңізге саулық, жұмысыңызға табыс тілеймін.

Ораза айт – жүрекке қуаныш пен мейірім сыйлайтын, адамзат баласын ізгілікке, достық пен бауырластыққа, қанағат пен қайырымдылыққа үндейтін мейрам.

Жер бетіндегі күллі мұсылман үмбеті айт күндері хал сұрасып, бір-бірін құттықтап, мәре-сәре күй кешеді. Сонымен қатар, көмекке мұқтаж жандарға жәрдемдесіп, оларды да қуанышқа бөлейді.

Алла Тағала: «…Олар Мен үшiн ораза ұстады, Менiң пәрменiммен ауыз ашты, ендi қуанышқа кенелсiн…» дейді.  Жаратушы Иеміз сіз бен біздің қуанышты күндерімізді еселей түссін деп тілеймін.

Ораза айт – отбасылық мереке. Айт күндері ата-анамызды, ұл-қыздарымызды, аға-бауырларымызды қуанышқа кенелтіп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен мүгедек жандарға көмектесудің сауабы мол.

Отбасыңызға амандық, жақсылық тілеймін. Еңселі  еліміздің болашағы жарқын, Тәуелсіздігіміз баянды  болғай! Әмин!

Талғат қажы Әсембай, «Шымкент медресе» колледжінің  директоры