«Шымкент қаласында діни ахуал тұрақты»

0
309

Шымкент қаласында дін саласындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүргізу мақсатында қала әкімі М.Әйтеновпен 2023 жылғы І-жартыжылдығына арналған іс-шараларын іске асыру жөніндегі жоспары бекітіліп, Қазақстан Республикасының АҚДМ Дін істері комитетімен келісілген. (шығ. №22-01-22/2799 15.12.22ж.). Осы жоспарға сәйкес, қала тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2023 жылға Шымкент қаласы бойынша дін саласындағы мемлекеттік саясатты ақпараттық сүйемелдеу, жария ету мақсатында 2023 жылға арналған Медиа-жоспары бекітілді. 

Ақпараттық түсіндіру топтарының жұмысы нәтижесінде 2023 жылдың сәуір айында офлайн форматтағы іс-шараларжалпы 285 (ЖОО, ОАОО– 45, спорт мектептер – 12, түзеу мекемесі-19, мекемелер – 27, мектептер – 133, қала мен е/м тұрғындары — 49) өткізіліп, оған 20 130 астам адам қатысты.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімдігімен, 2023 жылғы 23 наурыз —  20 сәуір аралығындағы «РАМАЗАН АЙЫНДА» Мемлекет басшысы атынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ауызашар шарасына қатысты тапсырма бақылауға алынды.

Осы орайда, 2023 жылғы 7 сәуір күні қала аумағында ораза ұстаған қарапайым еңбек адамдары мен танымал азаматтар, зиялы қауым үшін Мемлекет басшысының  атынан «Ауызашар» кеші өткізілді.  

Аталған іс-шара туралы мәлімет Қазақстан Республикасының Үкімет аппаратына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары А. Көлгіновке 04.04. 2023 жылғы шығыс № 43-03-07/2987 хатымен жолданды.

2023 жылғы «Рамазан айында» ұйымдастырылатын «Рамазан қайырымдылық айы» атты игі іс-шараға қолдау білдірген кәсіпкерлер қаладағы «Ақмешіт», «Ордабасы», «Исамиддин баба», «Қождан ата», «Байғұт баба» аудандық орталық мешіттерде тарату орындары болып бекітілді.

2023 жылдың 10-14 сәуір күндері аралығында Түркістан облысының Дін істері басқармасына тиісті сала бойынша кәсіби білім мен тәжірибе алмасу мақсатында Шымкент қаласы дін істері басқармасының діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімінің бас маман-сарапшысы Ғ. Джумагулова 5 жұмыс күнге іс-сапармен барып келді. Жұмыс барысында қолданыстағы НҚА-мен танысты, Түркістан облысының дін істері басқарманың жұмыс тәжірибесімен алмастыра отырып, діни экстремизм мен терроризмге қарсы бірлескен іс-шара жоспары мен оған қажетті материалдарымен танысты.

2023 жылғы 16 сәуір күні «Пасха»мейрамына орай, қала әкімі                        М. Әйтеновтың атынан Шымкент және Түркістан облысы бойынша Хрисанф Епископына құттықтау қағазы жолданды. Бұл ретте, «Казанской Иконы Божей Матери» жергілікті православ діни бірлестігінің ұйымдастыруымен және қалалық дін істері басқармасының қолдауымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының «Халықтар достығы үйі» ғимаратында сағат 16:00-де «Пасха»

мейрамына орай концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Аталған концертке басқарма басшысы мен бас маман Б. Заманханов қатысты.

2023 жылғы 17 сәуір күні ҚМДБнің Шымкент қаласының Бас имамы               Б. Абдрахмановпен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласы орталық мешітінде қасиетті Рамазан айының «Қадір кешінің» бағдарламасы бекітілп, тиісті уағыз-насихат ақпараттық жұмыстары жүргізілді.  

2023 жылғы қала әкімі М. Әйтеновпен а.ж. 23 наурыз – 20 сәуір аралығында өтетін «Рамазан айына» байланысты ұйымдастырылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігімен қаладағы 90 мешіт пен 12 үлкен көшелерде, базар аумағына «Рамазан мүбәрак болсын!», «Қадір түні», «Ораза айт құтты болсын» атты құттықтау баннерлер мен билбордтарға діни сұрақтар мен ақпараттар алу үшін орталық мешітінің «Рамазан  call-Орталық» 8708-478-48-72 нөмірі қоса жазып, орналастырылды.

2023 жылдың 23 наурыз күні «Рамазан айы» басталды. Дін істері басқармасы тарапынан 2023 жылғы қаңтар айынан 17 наурызға дейін қала аумағында орналасқан діни бірлестіктерге (мешіт, шіркеу) мониторинг жүргізу кестесі бекітіліп, тиісті жұмыстар ұйымдастырылды. Осы аралықта заңға қайшы іс-әрекеттер орын алмады. Сонымен қатар, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ (бұдан әрі – орталық) теолог мамандарының қатысуларымен «Рамазан айында» қала аумағында орналасқан 90 мешітте тарауих намаз уақыттарында айтылатын уағыз-насихаттарға жүргізілетін мониторинг жұмыстарының кестесі әзірленіп, кестеге сай жұмыстар жүргізілді.

Бұл ретте, Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов қала тұрғындарын «Рамазан айымен» құттықтап, ағымдағы жылдың Ораза айты кезінде қала әкімдігі мен орталық мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан қайырымдылық айы» шарасы ұйымдастырылып, 20 мың астам  әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыға азық-түлік себеттері жеткізілді. Сондай ақ, аталған жоба аясында «Жусан» операциясы арқылы елге оралған азаматшалар да қамтылды.

Сонымен қатар, 2023 жылғы 21 сәуір күнгі «Айт» намазына орай қаладағы мешіттерде ұйымдастырылатын мониторинг жұмыстары бойынша басқарма басшымен кестесі бекітілді. Кестеге сәйкес, басқарма және «ДМЗО» КММ-нің қызметкерлерімен таңғы 06.30-дан бастап 08.10-ға дейін мониторинг жұмыстары жүргізілді.

А.ж. 21-25 сәуір күндері аралығында ҚР АҚДМ-нің Дін істері комитетінің қызметкері А. Нұрбек Шымкент қаласында іс-сапармен жүрді. Іс-сапар барысында Дін істері басқармасының, «ДМЗО» КММ-нің және «Ақ-Ниет» ҚҚ-ның атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты. Қызметкерлермен кездесулер барысында ой-пікірлермен бөлісіп, басқармамен атқарып жатқан жұмыстарға оң баға берді.    

Жалпы, қала аумағында діни ахуал тұрақты және конфессияаралық шиеленістер туындау фактілері орын алмаған.