ҚР ІІМ ҰҰ 6506 әскери бөлімінде әскери қызметкерлермен жалпы кездесу өткізілді

0
229

Жалпы кездесу «Діни экстремизм идеяларының алдын алу және анықтау әдістері» тақырыбында Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы М.Қалматаева түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – дін саласындағы түрлі діни ағымдардың қаптап кетуі және керағар ағымдардың адамның психологиясына кері әсер келтіруі жөнінде, және де Мемлекеттің өркендеуіне нұқсан келтіретін себептердің бірі “Сыбайлас жемқорлық”. Сыбайлас жемқорлықпен күресу тек құқық қорғау органдарының құзыретінде емес, онымен бүкіл қоғам болып күресуіміз керек, сондықтан еліміздің өркендеуі жолында игі жақсы амалдарды жасауға және жемқорлық індетімен күреске бірге атсалысу мәселесі бойынша ақпарат берілді.