БАС МҮФТИ УАҚЫП ВИЦЕ-МИНИСТРІМЕН ОРТАҚ ЖОБАЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ

0
452

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласына барған сапарында мүфтият кеңсесінде Мысыр Араб Республикасының Уақып вице-министрі Махмуд Абдулхалек Абдулхалек әл-Фарханимен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы рухани, тарихи, мәдени байланыстар сөз болды.

Басқосуда Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қазақстан және Мысыр халқының арасында ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан тарихи, бауырластық байланыс бар. Бауырластық байланыстың нәтижесінде Қазақстан Республикасында Нұр-Мүбарак университеті салынды. Университет ұстаздары дін кадрын дайындауда үлкен еңбек сіңіріп келеді. Біздің елде студенттерге дәріс беріп жатқан барша мысырлық ұстаздарға ерекше алғыс айтамын. Алла разы болсын!» деді.

Кездесуде тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыруға келісті. Бас мүфти діни кадр даярлауға қолдау көрсетіп келе жатқан Уақып министрлігіне алғысын жеткізіп, мәртебелі мейманға ізгі тілегін білдірді.