Діни сауаттылық тұрақты даму кепілі

0
531

Қай қоғамды алып қарасақта білімнен ұзап, шарықтап кеткен ел жоқ. Қайсыбір қоғам шарықтап дамып жатса бәрі осы білім арқылы болып табылады. Жалпы  қазіргі қоғамдағы сауаттылық мәселесі, оның ішінде жастардың қазіргі қоғамда діни сауатты болуы қүрделі және өзекті мәселе болып табылады. Жастардың рухани санасын оятуда діннің рөлі өте зор. Бүгінгі қоғамдағы жат ағым, деструктивті топтар бұлардың барлығының қатарын көбейтіп, жалған ұранмен Таяу Шығысқа кеткен азамат және азаматшалардың саны да аз болмады. Бұлар қандай мақсатта кетті? Көбі білімсіздіктен кетті дейді, негізінен сауаттылықты екі деңгейде қарастырамыз яғни , діни сауатттылық бөлек және жалпы сауаттылық бөлек. Сирия асып кеткен қаншама қандастарымызды қолынан жетектеп ешкім алып кеткен жоқ. Олар өздері мал-дүниесін сатып, қолындағы қаражатпен, екі аяқтарымен өздері кетті. Ар жақта отырып, табанын терлетпей, бұлар санасын улады. Әрине әлеуметтік желі арқылы санасына кірді.  Сана сауатсызданған кезде жалпы қоғамның тұрақтылығының бұзылуына әкеледі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ бізге қауіп төндіретіні діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»- деп жазды. Бүгінгі жасөспірім, ертеңгі азамат, сендер дін туралы білім алуға, тануға құқылысыңдар. Елбасымыздың алдыңғы қатарлы елдермен қатар тұруды міндеттеуі де заман талабынан туындап отыр. Сондықтан қоғам діни сауатты болса, қоғамның дамуына да ықпал етеді.

Діни сауаттылық – дін жолында адаспау, орны толмас қателіктерге ұрынбас үшін білім алу, ізденіс қоғамға қажетті аса маңызды мәселе.
Қай қоғамды алып қарасақта білімнен ұзап, шарықтап кеткен ел жоқ. Қайсыбір қоғам шарықтап дамып жатса бәрі осы білім арқылы болып табылады. Жалпы қазіргі қоғамдағы сауаттылық мәселесі, оның ішінде жастардың діни сауатты болуы қүрделі және өзекті мәселе.
Ал, жастардың рухани санасын оятуда діннің рөлі өте зор. Сондықтан қазіргі уақытта діни білім алам деушілерге елімізде бірқатар жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда елімізде халықтың әсіресе, жастардың рухани-танымдық тәрбиесін, діни сауаттылығын арттыру маңыздылығы көпшіліктің аузында жүр. Қоғамның діни өмірінің тенденцияларын, діни ахуалын ескере отырып, оны жастарға жеткізіп отыру қажет. Кез келген мемлекеттің жарқын болашағы мен кемелденуі осы жастардың болмысы мен санасына, мәдени дамуына, білім мен тәжірибе деңгейіне байланысты болады. Сондықтан жастардың заманға сай діни білім деңгейлерін арттырып, дәстүрлі құндылықтарды сақтау – бүгінгі күннің басты мәселесі.
Сондықтан жастарымыз дұрыс бағытта білім ала отырып, діни сауатты болса, қоғамның дамуына ықпал ететіні сөзсіз.

Ақпараттық түсіндіру тобының мүшесі,
дінтанушы Байманова Тыныштық