ИОРДАНИЯ: УАҒЫЗШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН СЕССИЯ АЯҚТАЛДЫ

0
175

Иордания Хашимит Корольдігі астанасы Амман қаласында өткен Король Абдалла ІІ атындағы Уағызшыларды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында «Амман жолдауларының» мазмұнын түсіндіру үшін 44-ші халықаралық сессиясы өз жұмысын аяқтады.

Сессияға 23 мұсылман елінен арнайы барған делегаттар ішінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан сессияға Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров және бөлім меңгерушісінің орынбасары Думан Сайфуллин қатысқан болатын.

Бір аптаға созылған іс-шараның аяқталу рәсімінде Иордания Корольдігінің Уақып және ислам істері министрі Мухаммад Ахмад Мусаллам әл-Халайлә сесияға қатысқан дін қызметкерлеріне арнайы сертификат табыстап, алғыс білдірді.