СҚО: Дін қызметкерлері оқыту семинарына қатысты

0
157

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дін істері басқармасының жоспарланған жобалары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыстық өкілдігінің имам-ұстаздарына арналған «Рухани келісім – конфессияаралық диалогтың негізі» тақырыбында оқыту семинары өтті.

Іс-шарада Қостанай қаласы Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ Академиясының экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл ҚАЖ мамандарын даярлау орталығының басшысы Мырзабек Тойғанов, СҚО бас имамы Хамзат Әділбеков, ҚМДБ «Уақып» қорының басқарма төрағасы Ардақ Оразбай, Алматы Орталық мешітінің наиб имамы, діни оңалту бойынша жауапты маман Руслан Қайыргелді және muftyat.kz. сайтының редакторы Ермұрат Назарұлы дәріс оқыды. Семинар барысында дін қызметкерлерінің этикасы, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық, мешітт жамағаты арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының әдістері, деструктивті діни ағымдар идеологиясына бейім адамдармен профилактикалық жұмыстың негізгі принциптері, экстремизм мен терроризм идеологиясының беделін түсіруге бағытталған әлеуметтік желілердегі жұмыс, қайырымдылық қызметін ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ әлеуметтік желідегі дін насихаты тақырыптары кеңінен тарқатылып айтылды.

Семинар соңында қатысушыларға тақырыптық әдістемелік брошюралар таратылып, оқыту семинарынан өткені туралы сертификаттар табысталды.