Өз еліндеде сауатты білім алуға негіз бар

0
243

Жаһандық дамудың кезеңінде өмір сүріп жатқан біз үшін білім алу адамзаттың міндеті болып табылады.Кез – келген тұлға өзі үшін білім алып, алған білімі бойынша еңбектену,қоғам мен мемлекетке тигізген үлкен үлесі болып табылады.Қазіргі таңда технологияның,білімнің озық стандартты үлгісі біздің де елімізде бары сөссіз.Білім аламын деген жан үшін бар жағдай қарастырылған.Конституциямыздағы білім туралы заңының 30 бабында бізге білім алуға ғана құқық беріп қана қоймай мемлекеттік және муниципиалдық білім мекемелерінде мектепке дейінгі,жалпы орта,кәсіптік білім беру,жоғары оқу орнына түсіп білім алуға да жағдай қарастырылған.Өз елімізде де әр саланың белгілі бір маманы болуға еш кедергі жоқ.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан бөлінген білім гранттарының нәтижесінде шетелге білім алуға да жол ашылды.Өз кезегінде қаншама жастарымыз шетел асып кетіп жатыр.Табиғи ресурстары мен әлеуметтік жағдайларының жақсы болуына байланысты,жастарымыз шет елде қалып қойып жатқаны өтірік емес.

Ал,еліміз үшін бұл мамандардың жетіспеуіне әкеліп соқтырды.Сонымен қатар,діни сауатын ашамын деген азаматтарда шет ел асып білім алып жатыр.Оның салдары өзге жат дінді әкелушілер қатарынан болып отыр.Дәстүрлі исламнан алшақтап,теріс ағымды діни ұйымдардың жетегіне кетіп,елге келгенде дәстүрлі исламды мойындамай жататындары бар.Өзге ақида сенімдерін өз бойларына алып,біздің дәстүрлі исламды мойындамай өз сенімдерінің дұрыстығын,қоғамдағы басқа азаматтарға да үгіт — насихат жұмыстарын жасауда.Қасиетті Құранда келтірілгендей Алақ сүресінде былай делінген: «Жаратқан рабынның атымен үйрен»-деген сөзде қанша мағына жатыр.Біз тек Алла бұйыртқан ізгі таза жолмен жүру керек екендігімізді ұмытпауымыз керек.Діни сауатты ашу үшін шетел асып үйрену керек емес,еліміздеде қаншама исламтанушы,теолог мамандар жұмыс жасауда.Білікті мамандар діни сауалдар мен маңызды сұрақтарға нақты жауап бере алады деп сеніммен айта аламыз.Діни сауатымызды ашқымыз келсе,тек ислами дінімізге негізделген дәстүрлі исламды оқу,оны дұрыс жағынан тану таза дінге акелетіні сөзсіз.

Әрине, мемлекет  жастардың шет елдерде білім алуын, олардың елге қажет мамандықтарды игеруін және басқа елдерден оң тәжірибе жинауға деген құштарлығын құптайды. Сондықтан, қазіргі күнде біздің елімізде жастардың «Болашақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында және,сонымен қатар, әртүрлі гранттар мен ата-аналарының жеке қаражаты есебінен  шетелдерде білім алуына барлық жағдайлар жасалған. Өкінішке қарай, соңғы уақытта жастарымыздың шетелдерде оқып жүріп әр түрлі келеңсіз оқиғаларға тап болуы орын ала бастады. Сондықтан, мемлекет біздің жастарымыздың шет елдерде әр түрлі сипаттағы қақтығыстарға ұшырамауына, олардың жапа шекпеуіне және басқа елдердің заңдарына қатысты мәселелер туындамауына мүдделі. Жалпы, бұл мәселеде Еуропа елдері мен Америкада жағдай тыныш болса, араб мемлекеттері мен Азияның кейбір және Таяу-Шығыс елдерінде жағдай  мезгіл сайын тез өзгеріске түсіп отырады және көп жағдайда діни фактор басымдыққа ие.Өкінішке қарай, кейбір мемлекеттерде, атап айтқанда, Таяу Шығыс елдерінде соңғы жылдардағы әр түрлі діни ағымдардың белсенділігінің артуымен дін аралық қақтығыстардың белең алуы мен және экстремистік, сондай-ақ, террористік ұйымдардың ашық наразылыққа шығуымен қоғамдық-саяси және діни ахуал күрт күрделеніп кетті. Бұған қоса, қазіргі күнде  әртүрлі жалған және деструктивті ұйымдардың қызметі ашық жүргізіліп, олар басқа елдерден білім мақсатымен келген шетел азаматтары арқылы өз қатарларын толықтыруды көздейді. Сондықтан, ел азаматтары өздерінің болашақ білім алатын елін таңдау барысында сол мемлекеттің қоғамдық-саяси және діни ахуалы туралы ой түйіп, оның тарихын,мәдениетін,діні мен ділін біліп алғаны жөн. Өкінішке қарай, көптеген ата-ана шетелдерде білім алудың кейбір тұстарына мұқият назар аудармастан,  өз балаларының  басқа елдерде оқуын қуана құптайды. Олар балалары білім алғысы келген елдің ыңғайына бейімделуі үшін уақыт керек екенін, басқа мәдениет пен өзге менталитеттегі адамдармен қатар өмір сүріп, араласатынын білулері тиіс. Қиындықтардың басқа да жағы жоқ емес. Шетелге білім алуға кеткен жастарымыздың бес немесе одан да көп жыл өткен соң Қазақстанға қайта оралуы кезінде күтпеген жағдайлар орын алуы мүмкін. Елге қайтқан жастар мұндағы қоғамға қайта үйренісуі қажет,бәсекеге қабілетті жұмыс тауып,туған топырақтың игілігі үшін өзгелермен қатар қызмет етуі керек.

Шымкент қаласы дін істері басқармасы              

  «Дін мәселелерін зерттеу орталығы»

КММ теолог маманы Садық Диана