«Глютенсіз тамақ өндірісі» талқыланды

0
178

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры «Үміт сыйла сәбиге» жобасы аясында қоғамдағы аса күрделі мәселелердің бірі – уақыт өткен сайын саны артып жатқан түрлі ауыр дерттері (аутизм, БЦП, ЗПР, даун синдромы бар, т.б.) бар балалардың денсаулығын қолдау мақсатында «глютенсіз тағам өндірісін дамыту» жөнінде жұмыс тобын құрып, аталған тақырыпта алғашқы жиынын өткізді.

Жиын басында ҚМДБ Төрағасының кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы өз қолдауын білдіріп, жұмыс тобына сәттілік тіледі. Жұмыс тобының құрамына тұтас бидай ұнының өнімдері бойынша бірқатар жобалардың авторы, техника ғылымдарының докторы, глютенсіз тағам өнімдерінің өндірісін қолға алған ғылыми өндірістік кәсіпорын басшылары мен жеке кәсіпкерлер, ерекше балалардың ата-аналары кіреді.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры әрі қарай аталған бағытта арнайы жұмыс тобымен бірге жүйелі және тұрақты түрде іс-шаралар атқаруды жоспарлауда.