Шымкент: Шәкірттерге пәтуа беру әдебі түсіндірілді

0
245

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Шымкент» медресе колледжінің бітіруші түлектеріне «Шариғат және пәтуа беру мәселелері» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Рухани семинарға Абай ауданы «Әбсаттар Сманов» мешітінің бас имамы, қалалық «Шариғат және пәтуа» саласына жауапты Берік Шотабеков арнайы қатысып, шәкірттерге дәріс оқыды. Семинар барысында болашақ дін қызметкерлеріне шариғат және пәтуа беру мәселелері мен оның жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндіріп берді. Сондай-ақ, шәкірттерге ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің атқарып жатқан жемісті жұмыстары туралы таныстырды. 

Семинар барысында аталмыш оқу орынның директоры Талғат Әсембай қалалық «Шариғат және пәтуа» саласына жауапты Берік Шотабековке алғыс айтып, ризалық білдірді.

Айта кетсек, шариғат және пәтуа беру саласы бойыншадәрістер тұрақты түрде оқу жылының соңына дейін өткізілетін болып шешілді.