Діни төзімділік пен ұлтаралық келісімді сақтау мәселелері

0
141

Еліміз Тәуелсіздік жылдары Қазақ­стан үшін беймәлім, жаңа “дәс­түрлі емес” діни ұйымдар пайда болды. Атап айтар болсақ, пресвитериандық және методизм, протестанттық конфессиялар, сондай-ақ “Жаңа аспан” сияқты протестанттық шіркеулер, “Сайтан шіркеуі”, “Саен­тология шіркеуі” сияқты діни бірлестіктер көріне бастады.

Елімізде дәстүрлі емес культтер қатары өсуде. Саентология шіркеуі АҚШ-та ХХ ғасырдың 50-ші жылдары пайда болды.  Негізін салушы Лафайет Рон Хаббард (1911-1986). Ол өз ілімін “Динае­тика: ақылды ойдың саулығы туралы бүгінгі заманғы ілім” атты еңбегінде қорытындылаған. 

Сонымен қатар, елімізде экстремистік6 террористік бағыт­тағы «Ат такфир уал хижра», «Хизбут-тахрир» сынды ұйымдардың заңға қай­шы әрекеттері  жұртшылықтың наразылығын тудыруда. Хизб-ут-тахрирдің мақсаты — Ислам атын жамылып, дінаралық келісім мен үн қатысуға зиянын тигізіп, бейбіт өмір тыныштығын бұзу. Хизб-ут-тахрир Орталық Азия елдерінің мем­лекеттік құрылысын мойында­май­ды және осы аймақта халифат құруды өздерінің мақсаты ретінде ұстанады. Аталған ұйым күресі идеологиялық күрес, идеология­лық төңкеріс, билікті өз қолдарына алу бағытында жүргізілді. Кейінгі жылдары мұсылмандар арасында жік салатын пікірлер мен ұстанымдар көрініс беруде. Діни фанатизм, лаңкестік, пікір төзім­сіздігі дәстүрлі ислам дініне жат.

Қазіргі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі жаңбырдан соң ормандағы саңырау құлақтай қаптап кеткен түрлі діни ағымдардың өскелең ұрпаққа, жастарымыздың рухани тұрғыдан әлеуметтік желілер арқылы кері әсерін тигізіп келеді. Олар, өздерінің іс-әрекеттерін заңды тұрғыдан тыйым салынғандығына қарамастан әлеуметтік желілері арқылы жасырын әрекет етіп келе жатқан діни ағымдар “Хизб ут Тахрир”,  «Уаһабшылар  немесе «сәләфилер», «Исматуллашылар, зікіршілер» т.б. сияқты  ұйымдары.

Миссионерлік – діни ұйымдар­дың ілімдерін таратуға арналған діни және саяси қызмет. Миссио­нерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты Африка және Азия халық­тары арасында қарқындап, мақсат­ты түрде жүргізіліп отыр. Миссио­нерлік ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайы­рым­дылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар мате­риалдық және моральдық  тұрғы­дан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады.

Көптеген миссионерлер жергі­лікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және неопротестанттық шіркеу­лердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізеді.

Жұмыссыздар, өмірден өз ор­нын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиын­дықтарға төзе алмағандар, Ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе жастар миссионерлердің үгіт-насихатына тез ілігеді.

Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық (православия бағыты) және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтары ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнық­тырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті ны­ғайтуға  қызмет етеді. Қазақ хал­қының  мәдениеті мен руханияты ислам өркениеті мен дүниесінің ажырамас бөлшегі. Егемен ел болып, еңсесін көтерген халқымызды жерге қаратпайық. Елдің, діннің, тілдің ертеңін ойлайық.  Бүгінгі күні халық пен жер, дін, Отан тұтастығын сақтап, дербес те тәуелсіз мемлекеттігімізді одан әрі баянды етуден артық міндет жоқ.