ДӘСТҮРЛІ ДІНИ ҰСТАНЫМЫМЫЗ – ЕЛДІКТІҢ ҰЙЫТҚЫСЫ!

0
138

Қазақстан республикасы көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Қазақстан тек қана бейбітсүйгіш дәстүрлі діндерді қолдайды және діни алауыздыққа жол бермейді. Біздің негізгі ұстанымымыз – ұлтаралық, дінаралық қақтығыстарды болдырмау. Қазақстан – конфессияаралық келісім моделін қалыптастырушы мемлекет.

          Діни бірліктің жекелеген мемлекеттер үшін ғана емес, жалпы әлем тыныштығы үшін де ауадай қажеттілік болып тұрғаны шындық.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын көрсететін мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің бірнеше формалары қалыптасқан, яғни, мемлекеттің діни қатынастарды бірізділікке түсірудің бірыңғай бағдарламасы қамтамасыз етілген.

Осы бағыттағы жұмыстар туралы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде: «Қазақстан, зайырлы мемлекет ретінде конфессияаралық қақтығыстарға қарсы әрекет ететін шаралар қабылдауға кепілдік етеді» деп, — нақты атап көрсетті.

Дін әр уақытта біріктіруші фактор болып танылса, ал діни экстремизм — қандай да бір социумның ұзақ жылдар бойы өткен жолын, тағдыр-талайлы тарихын, әлеуметтік ортада түзіліп, қалыптасқан рухани-мәдени өмірі мен ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен адамгершілік-моральдық құндылықтарын құрдымға жіберіп жоқ ететін шеткері шекке жеткен радикалды ойдың іске асуы.

Бұл қандай орта мен кезеңде орын алса да адамзат үшін де өзі тікелей қатысы болған ел, ұлт, мемлекет үшін де аса қатерлі құбылыс. Сондықтан онымен әлемдік қауымдастық бірлесе отырып күресуі керек. Себебі, ол жеке қауымға немесе тұтас елге бағытталса да зорлық жасау тәсілімен кісі қанын төгетін жауыздық. Бүгін мұнан тұтас елдер зардап шегіп, әлемде тыныш, бейбіт өмір сүру мүмкіндігі сарқылып келе жатқаны жасырын емес. Аталған мәселені халқы тығыз орналасқан, ұлттың қалың өкілдері дәстүрлі қалыптасқан ортасында аса ілкімді терең пайыммен түсіндіріп отыру кезек күттірмейтін іс. Бұл тұрғыдан қала көлемінде ғалымдар, зиялы қауым, құзырлы орган қызметкерлері, ішкі саясат және дін істері, білім, жастар саясаты, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерімен бірлесе жұмыстар атқарып жатыр. 

Кейбір араб елдерінде орын алған «шиеленіс» мысалынан біз діни экстремизмнің жабайы бейнесін көрсек, әлемдік БАҚ-да жиі айтылып жүргендей терроршылдықтың әлемдік озық-техникалық жетістіктердің ең жаңа технологиясын  қолдануға ұмтыла беретін оның ең қатыгез қырғын салудан бас тартпайтын сұмдық жанкешті жексұрын бейнесін көрдік. Экстремизмнің түгел дүниені аралап, бірде ұлтаралық, енді бірде дінаралық тіпті тұтас халықтар арасында ылаң салып, кейде «Ұлтазаттық қозғалыстардың» да шапанын жамылып жүргенін барша әлем көріп отыр.

Еліміздің ынтымақ бірлігін сақтап, бейбіт күнде әлеуметтік-экономикалық қалыпты дамуымыз қажет.

Еліміз аман болып, ынтымағымыз бен бірлігіміз бекем болғай!