Ар-ождан бостандығы

0
635

Ар-ождан, діни сенім  бостандығы әр адамның фундаментальды құқығы ретінде Атазаңда да бекітілген. Бұл құқыққа қол сұғуға заңдық және құқықтық негізде де жол берілмейді. Солай екен діни ұстаным, ар-ождан бостандығын ұстана отырып, өзіміздің рухани қауіпсіздігі­мізді қалай сақтап қаламыз деген мәселе туындайды. Осылай екен бұл мәселемен жанама түрде Дін істері комитеті де айналысады. 2011 жылы 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заң еліміздегі діни ағымдардың, конфессиялардың картасын белгілі дәрежеде айқындады. Бұған дейін елімізде 46 конфессияның өкілдері мен 4 мыңнан аса діни ұйым бар делінсе, қайта тіркеудің нәтижесінде бұлардың шамамен үштен бірі қысқарып, едәуір азайды. Үкімет демократиялық дамуымызға және рухани тәуелсіздігімізге нұқсан келмейтіндей іс-қимылдар жасауда, осыған сай жұмыс, саясат жүргізіліп жатыр.

       Қазір әлемнің кез келген жерінен бір дінді ғана ұстанып, бір ұлттан ғана тұратын елді табу қиын. Ал Қазақстан – көпэтносты, көпдінді және унитарлы мемлекет. Дінаралық толеранттылықты ұстанбасақ, тұтастықты сақтап тұру қиынға түседі.

      Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Дәстүрлі діннің басты мақсаты–адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.                 

      Экстремизм — француз сөзінен аударғанда «шектен шығушылықты» дегенді білдіреді. Экстремизмнің мынадай да түрлері белгілі: діни экстремизм, саяси экстремизм, мәдени экстремизм, спорттық экстремизм т.б. Саяси және діни сенім мақсаттарына жету үшін заңсыз, күштеу, зорлау тәсілдерін пайдаланатын әрекет. Ол ұлтаралық, дінаралық алауыздықты қоздырады, демократиялық принциптерді шектейді, елді тұрақсыздандырады, саяси шиеленістерді бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік бермейді;

     Фундаментализм-ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында христиан-евангелистік фундаментализмі ретінде пайда болған ұғым. «Іргелі», «түпкі», «алғашқы» деген мағынаны білдіреді. Діни мәндегі өзгерістерді, ауытқушылықты, ағымдарды мойындамау, оларды айыптау.

     Терроризм- «лаңкестік», «қопару-жару», үрей туғызу арқылы саяси, діни көзқарасын  білдіру. «Жиһадшылар» лаңкесшілерге саналып жүр. Испаниядағы БАСК каталониялық сепаратисттері де лаңкесшілер. Әлемде 111 ге жуық лаңкестік ұйымдар бар. Олар Палестина, Ливан, Судан, Сомали, Йемен, Ауғанстан, Пакистан секілді елдерде шоғырланған. Арнайы лагерлері бар. Терроризмді әлеуметтік ортадан, айналадан аулақ оңаша әлем деп қарау қателік. Лаң салудың жеке, топ, локальды, жаппай деген түрлері бар.

Ол 2 мың жылдан астам тарихқа ие.

    Секталар — қоғамның мүддесіне сәйкес келмейтін, қарама-қайшы әрекет етуге топтасқан ұйым немесе культке табынатын адамдар тобы. «Секта – ағайындылар, сенім туралы өзіндік арнайы ілім қабылдағандар. Келісім, пайда, бөліну немесе ерестік» деп жазылған В.Дальдің сөздігінде. Дінтануда олар  тоталитарлық секта, деструктивті секта деп бөлінеді.

    Тоталитарлық сектаға саентология, т.б бірлестік (Мун шіркеуі), соңғы өсиет шіркеуін, мормондарды атауға болады.

    «Деструктивті культ» термині ХХ ғасырдың басынан бастап АҚШ, Ұлыбритания секілді елдерде жастарды «зомби» болуға тәрбиелеген, өз отбасынан алшақтаған, қоғамда өшпенділік тұғызған «жаңа діни ағым» лидерлеріне қатысты қолданыла бастады. Деструктивті культ немесе деструктивті секта ағылшынша- destructivecult — өлтіруші-секта деген мағына береді. «Деструктив» терминін әлеуметтанушылар, психологтар, криминалистер, публицистер жиі қолданады. «Деструктив»-ұғымы қоғамға, отбасына материалдық, психологиялық және дене жарақатын жеткізген діни ағымдарға, секта лидерлеріне  қатысты қолданады.  Ал теологтар мен дінтанушылар деструктивті культ терминін өзін «жаңа діни ағым» немесе «бұрынғы аталардың құлшылық жолын жалғастырушымыз» деп санайтын құдайға жақындаудың өзгеше әдісін қолданатын, өз шәкірттерін қоғамнан оқшау ұстайтын, оларды «қасиетті адам — культке табынатын» секталарға қатысты айтады. Деструктивті секталар яки культтер адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермелегені, жалған шахидтікке тәрбиелеп лаң салғаны және дүние-мүлкін  соған жұмсағаны үшін айыпталып жатады.

     Адамдардың «санасын басқаратын», «миларын шаю» секілді манипулятивтік әдіснаманы қолдана отырып, өзіне бағындырып ұстайтын культтердің белең ала  бастағаны бүгінгі озық ойлы ғылыми қауым өкілдерін алаңдата бастады. «Ақыр заманды» насихаттап жатқан деструктивті және тоталитарлық секталар екенін ұмытпауы қажет. Олар ақпарат құралдары арқылы жақындап қалған «ақырзаманды» ескертуге әуес. Себебі, оның астарында қаржылық игілік, коммерциялық мақсат жатқанын қарапайым адамдар ұға бермейді. Ақырзаманның келгенінен үрейленген олар, бар мал-мүлкінің едәуір бөлігін «жұмақты жеңіп алу үшін», «күнәлерін кешіру үшін» жұмсап жатады. Өкінішке орай, ақырзаман келмей қалады, ол келесі бір жағдаятарға байланысты кейінге қалады. Мұндай жалған діни ағымдардан сақтанған абзал.