Діни-тұрақтылықтың алғы шарттары

0
333

Діни тұрақтылық адам, қоғам өмірінде аса үлкен қызмет атқаратынын бүгінгі, күн мәселелері де көрсетіп отыр. Ол әр қоғам, өркениет, дәуір ішінде де солай маңызды болған. Оған жету, оның таза негіздеріне сүйене ой, пайым, ұғымдар ұстанымдар белгілеу нәтижелі болғанын көрсететін озық өркениеттер шоғырының жұлдызды шақтары, жетістіктері соның айғағы. Бұлардың бастауларында әрқашан адал қарым-қатынастардың үйлесімі мен үндестігін табыстыра ұштастырып, таза діни сенім қазығы-әділдік таразысы тұрғысынан қорғап, қолдап тұрған теңдессіз құдыретті күш бар. Әділ заңдарға жүгінген қоғам қашан да мерейлі болып, оның тұрғындары әлем үшін «үлгі форматтағы» саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық дәрежесі биік бірлік ретінде жалпы жаһандық жаңарулардың толассыз қозғаушы күшіне, мүлтіксіз тетігіне айналады. Сондықтан өркенді универсумның даму, өркендеу қуатының шарықтау шыңы, ең биік апогені өркениеттің рухы таза, биік мақсаттарға бастайтын рухани мазмұны кең де кемел адам ақыл-парасатының мүмкіндіктері мен ондағы жалпыға ортақ қызметі қасиетке барабар діни таза сенім әлеуетіне байланысты.  

          Осы әділдік пен ақиқат дәстүрлі діннің әлеуметтік ортадағы қызметінің кепілі бола білген қай дәуірдің адам болмысы мен қоғам мүшелерінің айтулы биік парасат-пайымға сүйенген өрелі, өнегелі өндірісін рухани-мәдени құндылықтар жүйелерін тудырғанына адамзат тарихы куә.

          Дін тұрақтылығы ел, ұлт, мемлекет дамуы мен өсіп-өркендеуінің бірегей кепілі. Қоғам өмірі ел, ұлттар мен ұлыстар, түрлі нәсілдер мен әдет-ғұрып, салт-дәстүр, діни конфессиялар аралық қатынастарсыз болмайды. Геосаяси ықпалдастықтар аясын барынша түрлендіріп, кеңіте түсетін күнделікті тұрмыс-тіршілік талаптары өз дегеніне жету жолында түрлі айла-тәсілдердің жаңаша үлгілері мен көпжақты мәнге ие амал-әрекеттерді де туындата беретіні шындық.

       Сонымен діни тұрақтылық деп айдарлап отырған мәселе ішкі және сыртқа геоықылымдық, жалпы адамзаттық дүниетаным мен олардың аралас-құралас қатар өмір сүру шындығында көзден де көңілден де қалтарыс қалып жататын түйіні күрделі буындарда пайда болатын «жаман ісік» сияқты шікәмшіл  құбылыс. Әдетте мұндайға дер кезінде ем табу қиынның қиыны. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейтін қазақ мақалы не нәрсенің де алдын алғанды жөн санау пайымының дұрыстығын көрсетсе керек. «Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап» — дегендей ел, ұлт, мемлекет құрушылардың ата-бабаларынан мирас болған отанын қорғау борышы да діни тұрақтылық тамырларын, негіздерін тарихи-әлеуметтік ортада қасиетті ұғымдар, ұлы құндылықтар қатарында әспеттеп, елдің, ұлттың көзінің қарашығындай сақтауға пейіл биік мұратына айналуы тиіс. Діни тұрақтылықтың негізгі негіздерінің бірі саналатын осындай қасиетті ұғымдар ұлттың арына, намысына, ожданына  барабар биік қадір-қасиеті тым қымбат бағаланатын ұстаным екені рас. Діни тұрақтылық болмай ілгерілеу,  прогресшіл жаңа ойлар, адамгершілік, гумандылық, ұлттар мен мемлекеттердің шынайы сеніммен қатар өмір сүруі мүмкін емес. Олай болса бұл мәселе күнделікті өмір талабы ретінде жаһандық қарым-қатынастар мен мемлекеттің әрбір кезеңдік бағдарлама, жоспарларында мәні аса зор мәселе ретінде айрықша көңіл бөлініп, мемлекет қарауында боуы шарт.