Шымкентте «Ізгі қоғам» имандылық кітап бұрышы ашылды

0
158

Бүгін ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі мен Шымкент қалалық Ардагерлер кеңесіне қарасты «Белсенді  ұзақ өмір сүру» орталығы мен бірлесіп   «Ізгі қоғам» имандылық кітап бұрышы ашылды.

Игі шараға Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев,  Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы, дінтанушы Мұхамеджан Естеміров, Тұран аудандық мешіттің бас имамы Ақтөре Тұрапбай  және еңбек ардагерлері мен  зиялы қауым өкілдері қатысты.

«Негізгі мақсат –  зейнеткер ата-әжелеріміз қол бос кездеріне аталмыш сауықтыру орталығындағы кітапханадан руханият, дін мен дәстүр т.б. құндылықтар жөнінде жазылған кітаптарды алып оқуына болады. Алдағы уақытта «Мүфтият» баспасынан жарық көрген кітаптармен толықтырылады.», – дінтанушы Мұхамеджан Естеміров.   

Айта кетсек,  «Ізгі қоғам» имандылық кітап бұрышына ҚР Дін істер комитеті мен  ҚМДБ-ның сараптама комиссиясының  оң қорытынды алған кітаптар мен  «Иман» журналы мен «Мұнара» газеттері тапсырылды.          

Жиын соңында Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев ардагерлертың атынан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына және шаһар бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлына атқарып отырған жұмыстарына ризалық білдіріп, айлғыс айтты.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі