Дәреттің ғылыми сырлары

0
265

Намазды орындау үшін іске асырылатын дәреттің рөлі гигиена мен санитария көзқарасы бойынша аса маңызды болып табылады. Дәретке кіріспестен бұрын мұсылмандар оны Алла разылығы үшін алуға психологиялық тұрғыдан іштей ниет етеді. Сосын оны орындауды бастайды. Алдымен жүзін, сосын қолдарын шынтағына дейін жуып, ылғалды қолымен басын сипайды, соңынан аяқтарын тобығымен жуады. Сүннет бойынша осы тәртіпті сақтау міндетті болып саналады.

Осындай кейіпте дәрет алған адамның организмінде қандай өзгерістер болады һәм ол адамның денсаулығына қалай әсер етеді?

Қытай медицинасы бойынша адамның тұла бойында 700-ден астам биологиялық белсенді нүктелер бар. Олардың 66-сы ықпалы өте күшті болып есептеледі де, оларды рефлексотерапияда оларды күшітілігі үшін агрессия нүктелері, антикалық нүктелер, алғашқы элементтер нүктелері деген атаулармен атайды.

Аталған ықпалы күшті нүктелердің 61-і дәретте жуылуы міндетті болған жерлерде орналасқан. Қалған бесеуі аяқтарда толарсақ пен тізенің арасында орналасқан. Аяқты тізеге дейін жуу сүннет амалына, яғни орындалуы жағымды болатын іске жататындығын ескерсек, әрбір мұсылман намазға дәрет алған сайын биологиялық белсенді нүктелерге гидромассаж, температуралық, физикалық әсер етуден тұратын кешенді сауықтыру үрдісін жасайды.

Дәрет алу кезіндегі биологиялық белсенді нүктелерді белсенді ету, тітіркендіру тәртібі өте пайдалы болып шықты. Бетті жуған кезде судың бет терісінің терморецепторларын сергітуін қоспағанда ішті, асқазанды, қуықты «қайта зарядтап», жүйке жүйесіне, жыныстық қызметтерге т.б. ағзаларға жағымды ықпал жасайды.

Қолды шынтаққа дейін жуғанда дененің осы бөлігінде орналасқан ББН-ге гидромассаж жасалынып, тонустың артуына, жүректің жай табуына, қан айналымының және жыныстық қызметтердің күшеюіне, өкпелердің жұмысын қалыптастыруға әсер етіп, асқазан мен қуыққа ықпал жасайды.

Оң аяқтың жуылатын бөлігінде сүйек жүйесіне, асқазанға, жүйке жүйесіне, бел-омыртқаға, көк ет және тағы басқа ағзаларға тікелей ықпал ететін биологиялық белсенді нүктелер орналасқан. Осылайша оң аяқты жуғанда осы жүйелер мен ағзалар белсенді күйге еніп, олардың қызметтері қалыпқа түседі.

Сол аяқтың жуылатын бөлігінде гипофизбен, яғни бас миында орналасқан, ішкі секреция бездерін реттейтін, жыныстық бездерге қатысты дененің өсуін қадағалайтын органдармен т.б. байланысты биологиялық белсенді нүктелер орналасқан.

ББН-дің жүзден астамы құлақтарда орналасқан. Олар бүкіл денені «басқару пультіне» ұқсас. Дәрет алғанда құлақтарды да жуу сүннет екендігі белгілі.

Құлақтарда орналасқан нүктелерді уқалау арқылы барлық дерлік ішкі органдардың жұмыстары қалыпқа түседі, гипертония ауруы болған жағдайда қан қысымы түседі (құлақ жарғақтарында антигипертензивтік және антиаллергиялық аймақ орналасқан), тіс ауруы және ангина жағдайындағы аурулар жеңілдейді не мүлде жоғалады.

Сонымен қатар биологиялық белсенді нүктелерге күш түсіру, ысқылау аса маңызды рөл атқарады. Сүннет талабы бойынша дәрет алу үрдісі белгілі бір әрекеттерді, яғни ысқылау, уқалау істерін қамтуы тиіс. Бұл ғылыми талаптарға да сай келеді.

Ойланып көріңізші: 2-3 күн ішінде (әрі кеткенде бір аптада) басқа адамға дәрет алу үрдісін үйреткен мұсылман сол арқылы қытай медицинасының білімі мен сырларын әрі оларды іс жүзіне асыру тәсілдерін де үйретіп жатқандығын өзі де білмейді. Дәстүрлі медицинаның жүйесі бойынша бұған 15-20 жыл уақыт кетер еді.