“Ержан хазрет” мешіті жамағатымен жүздесті

0
130

Ақтау қалалық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында Ақтау қаласындағы “Ержан Хазрет” мешітінің жамағаттары арасында ақпараттық түсіндіру жұмысы жүргізілді. Шара «Отпан» Ақпараттық-түсіндіру және оңалту орталығының ұйымдастыруымен республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Азамат Нұғманұлы жұмылдырылды. Теолог маман жамағатқа қазақтың байырғы мың жылдық дәстүрлі діни ұстанымын жоққа шығару, оның ішінде ханафи мазхабы мен матуриди сенімін мансұқтау теріс діни түсінік екенін жеткізді. Азаматтарымыз- алдымен өз ұлтын, төл мәдениетін, тарихын бойларына сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғандары жөн. Ұлттық құндылықтар – ел болашағының діңгегі. Әр адамға өзінің ұлттық тамыры, әдет-ғұрпы мен мәдениеті қымбат. Халықты ұлт ретінде сақтайтын жалғыз жол бар. Ол жол – жас ұрпақты ұлттық сана негізінде тәрбиелеу.