Алматы: Мешіт кітапханасы жаңа цифрлық құрылғылармен жабдықталды

0
73

Алматы қаласы Алатау ауданы «Бекет ата» мешіті жанындағы заманауи кітапхана жанашыр азаматтардың демеушілігімен соңғы үлгідегі цифрлық технологиялармен жабдықталды.

Кітапханаға құны 3 500 000 теңге тұратын заманауи интерактивті Smart тақтасы мен мешіт ұжымы мен кітапхана оқырмандарына арналған жалпы құны 2 500 000 теңге болатын соңғы үлгідегі 10 Ноутбук пен 300 000 мың теңге көлеміндегі 1 Smart теледидар орнатылды. «Қазіргі қолданыстағы электроникалық құралдарды алудағы мақсат, мешіт пен кітапханаға келуші жамағаттың заман талабына сай интеллектуалды бағытта да ілім алып жетілуіне үлес қосу», — деп атап өтті ұйымдастырушы, «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев.