Алланың көркем есімдерін жатқа айту бойынша кезекті сайыс өтті

0
66

Шымкент қаласы Тұран ауданына қатысты Айқап
мешітінде Алланың 99 көркем есімдеріне байланысты жарыс өтілді.
Жарыс барысында 13 қатысушы қатысты, сайыс өте тартысты және қызықты өткізілді!
Тартысты сайысының:
1- орын жүлдегері:
64 жасындағы Раманқұл Гүлнар мүдірмей айтып бірінші орынды иеленді.
2- орын жүлдегері:
Кенжехан Меруерт иеленді
3-орын Паришова Ақерке иеленді.

Сайыс жүлдегілеріне ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с. ) көркем жаратылысы қысқаша баяндалған «Шәмәил- Мухаммадия»  жазба тақтасы сыйға берілді. Және де басқа да  қатысушылардың барлығына  арнайы сый сыйапат табысталды..

Сайысымызға арнайы:
Шымкент медресе колледжінің ұстазы
Нәубет Жұмагүл ұстаз және
Айқап мешітінің қыздар бөлімінің жауаптысы
Өтембай Мариям ұстаз өз төреліктерін жасады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі