Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Қарабалық ауданына арнайы іссапармен барды.

Сапар барысында бас имам «Ислам және дәстүр құндылығы» жылына орай бірнеше кездесулер өткізді. Алдымен тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік қызметкерлермен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде «Ислам және дәстүр» түсінігі аясында діни ағартушылық тақырып қозғалды. Бұдан кейін аудандық кітапханада «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты жергілікті ақсақалдармен семинар өткізіліп, ұрпаққа рухани тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.

Кездесулер соңында аудандық «Ғашура ана» мешітінің жамағатымен дидарласып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер әңгімеге арқау болды.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *