Рамазан үшін адал әрі саулықты ас мәзірін дайындау семинары өтті

0
89

Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата Жиеней мешітінде «Рамазанға сау ағзамен кіру» атты қыз-келіншектерге арналған семинар өтті.
Семинарды интегративті ВОП дәрігер Есжанова Нұрила ханым жүргізді. Шара барысында Рамазан айында ұсталатын парыз оразаға ағзаны дайындау жайлы, ораза уақытында әс мәзірі қалай болу керек және Рамазаннан кейін ағзаны қалай қалыпқа келтіру жайлы құнды ақпараттар берілді. .Биылғы ораза жылдағыдан ерекше уақытқа тура келіп тұрған соң, ағзадағы созылмалы аурулардың алдын алу, дефициттерді толтыру жолдары айтылды.
Шара соңында семинарға қатысушы қыз-келіншектермен сұрақтарына жауап беріп, көктем уақытында  ішілетін витаминдер тізімі берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі