40 парызды жатқа жазып айтудан жарыс өтті

0
74

Шымкент қаласы өкілдігі, Тұран ауданы, “Д.А.Қонаев” мешітінде оқу-ағарту жоспары бойынша діни сауат ашу курсының ұл және қыз шәкірттеріне 40 парызды жатқа жазып айтудан жарыс болып өтті. Жарысқа жалпы 30 шәкірт қамтылып 15 ұл мен 15 қыз жарыста бірінші екінші үшінші орынға ие болып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Ұлдардан:
1- орынға Жамбыл Елжан ие болып 10000 теңге мен доп сыйлық берілді.
2- орынға Алқабай Науырызбай ие болып 7000 теңге мен доп сыйлық берілді.
3- орынға Қадыр Али ие болып 5000 теңге мен доп сыйлық берілді.
Қыздарға:
Бес қыз шәкірт 40 парызды жазуда бірдей деңгей көрсетуіне байланысты әрқайсысына 4000 теңгеден 20000 теңге сыйлық берілді. Бір қыз шәкіртке 2000 теңге сыйлық ұсынылды.
Сондай-ақ, жарысқа қатысушы барлық шәкірттерге доптар тарту ретінде таратылды.
Жарыстың соңында мешіт жамағатына ас берілді. Қолдау көрсеткен барша жанға мың алғыс жолдаймыз.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі