Ақ жаулықты әжелеріміз бен шәкірттерге құрмет көрсетілді

0
94

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы орталық “Байғұт баба” мешіті Әйел қыздар секторы Гүлжан Нұрланқызы және көмекшісі Арайлым ұстаздардың ұйымдастыруымен “Ислам және Дәстүр құндылығы” жылы аясында “Дін мен Дәстүр“ бағытының бастамасымен Ақ жаулықты әжелеріміз бен шәкірттерге құрмет көрсетіліп “Иманыңды қуатта“, – атты рухани кеш болды.
Қаратау ауданы орталық “Байғұт баба“ мешітінің Бас имамы, РАНТ/ ЖАНТ мүшесі Сүлейұлы Дастан қажы “Аналарды құрметтеу, білім алудың артықшылығы“, – жайлы уағыз айтып, қаламыздың Бас имамы Нұрматұлы Бақдаулет қажының құттықтауы мен үздік шәкірттерге сертификатты табыс етті.
Шымкент қаласы орталық Қыздар секторының жетекшісі Балжан ұстаз қонаққа келіп әжелер мен шәкірттерге әсерлі насихатын айтып қуантты. Жиын соңында тосын сый етіп, Төрт апайымызға УМРА табысталды.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі