«Байғұт Баба» мешіті: Қайырымдылық «Рамазан қоржыны» үлестірілді

0
77

Қасиетті Рамазан айының келуімен бірге елімізге құт-береке келгей! Ұлық болған Құран айының келуін мұхтаж жандарда ізгілікпен қарсы алсын деген ниетпен, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Шымкент қаласы, Қаратау аудандық Байғұт Баба мешіті және Зекет қорының ұйымдастыруымен 20 отбасыға азық-түлік және қаржылай көмек жасалды. Мешітіміздің бас имамы Дастан Желеуов жиылған жандарға насихат айтып, қасиетті айдың келуімен құттықтады.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі