Қызылорда: 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды

0
52

Берекелі айдың басталуына орай Қызылордада 100 отбасыға «Рамазан қоржыны» таратылды.

Игі шараға Бас мүфти кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы арнайы қатысты.

Қасиетті айдың құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық акциясында облыс орталығындағы «Зағиптар» қоғамы мүшелеріне, мүгедектігі бар жандар мен әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасыларға азық-түлік қоржындары табысталды.