Түркия: Кайсери қаласында шәкірттерге ауызашар берілді

0
44

Түркияның Кайсери қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Талаба» қауымдастығының атынан ауызашар дастарқаны жайылды.

«Mevlana» мейрамханасында өткен ауызашарға арнайы іссапармен келген ҚМДБ-ның Түркиядағы өкілі, «Талаба» қауымдастығының жаңадан тағайындалған жетекшісі Абдурашид Қарабаев, Шымкент қаласындағы «Ықылас» қарилар дайындау орталығының құрылтайшысы Қалиолла Маджанов, Хасеки діни жоғары академиясының және Ерджиес университетінің докторант студенттері қатысты.

Абдурашид Қарабаев жиналған көпшілікке ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізе отырып, Рамазан айымен құттықтады. Сонымен қатар жетекші Түркиядағы қазақстандық студенттермен қарым-қатынасты күшейту мақсатында және олармен жүйелі жұмыс жасайтынын жеткізді. Түркияда іссапарда жүрген Қалиолла Маджанов ауызашарға арнайы қатысып, қазақстандық  студенттердің білім жолындағы ізденістеріне сәттілік тіледі. Ауызашар дастарханына Кайсери қаласы Талас ауданы әкімдігі демеушілік жасады.