«Қождан ата» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған ашық сабақ өтті

0
54

Шымкент қаласы Тұран ауданы Қождан ата мешітінде әйел кісілерге арналған «Қадір түнінің қасиеттері»  атты ашық сабақ болып өтті.
Сабақ барысында Қадір сүресінің тәпсірі айтылып, қадір түнінің қасиеттері жайлы кеңінен түсіндірілді. Рамазанның соңғы 10 күндігін және Қадір түні болуы ықтималдығы жоғары түндерді барынша тиімді өткізудің (инсайттары) жолдары айтылды.
  Ашық сабақтың екінші бөлімінде «Мұсылманның өміріндегі дұғаның маңыздылығы» және  «Дұғам қабыл болсын десеңіз» деген тақырыптарды қамтыды.
Шәкірттер тарапынан арнайы дайындалған видеолар көрсетіліп, сұрақтарға жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі