Ақиқатты іздеп адаспайық

0
388

Мен Сман Ихтиер Қахраманұлы 1998 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы (Жетісай ауданы), Жаңа ауыл ауылында дүниеге келдім. 2005 жылы № 34 орта мектебіне 1 сыныпқа барып, 2015 жылы 11 жылдық мектепті бітірдім. 2016-2018 жылдар аралығында Жетісай ауданындағы Сырдария университетінің «Дене шынықтыру және спорт» факультетінде 3 курс оқып, 4 курсқа қаржы мәселесі туындап бітіре алмадым. 2019 жылдың жазында Астана қаласына құрылысқа жұмысқа тұрдым. 2019 жылдың күзінде ауылға қайтып, үйлендім. 2020 жылдың жазында тағы қаржы мәселелері туындап, Астанаға құрылыс жұмысына бардым. Жұмысымдағы сәтсіздіктер мен отбасымдағы мәселелер себебінен рухани қажеттілік іздеп, намаз оқи бастадым. Ауыл арасындағы мешіт имамдарына жүгінбедім. Жұмыстан қайтып бос кездерімде әлеуметтік желілер арқылы діни уағыздарды, соның ішінде өзбек тілді Садық Самарқанди, Абдуллах Зуфар, Абдуллах Домла деген уағызшылардың уағызын тыңдап жүріп, жылтырақ, бұрмаланған уағыздарына сеніп, ол уағызшылардың уағызын өзімнің инстаграм парақшама жүктеген болатынмын. Олардың уағыздарының негізгі мазмұндары бидғат иелері, залым патша, сарай молдалары т.б.. Мұндай уағыздардың мазмұнында дінараздық және ұлтараздық алауыздық қозыратын көзқарастар жиі кездесетін еді. 2021 жылдың басында телекоммуникация арқылы терроризмді насихаттау бабымен 8 жыл мерзімге сот бас бостандығымнан айырды. Жазамды өтеу үшін Шымкент қаласындағы №54 тузету мекемесіне келдім. Бұл мекемеде теолог мамандар дұрыс қабылдап ішкі тәртіпті түсіндірді. Имам-теологтар менің діни көзқарасыма нақтылық енгізіп дін бойынша қателігімді түсіндірді. Кезіндегі жалған шейхтардың фиқһ, ақида және діни термин сөздерді бұрмалап түсіндіргенін пайымдадым. Себебі теологтар Құран хадиспен қате пайымдап жүрген аяттарымды түсіндірді. Теолог-имамдармен жиі-жиі діни танымдық сұхбаттар, сабақтар өтіп жатыр, сол кісілердің бағыт-бағдар көрсетуімен түзу жолға нық түсіп, түзу жолда нық тұрып тәубеге келдім. Дін мәселесінде дұрыс дерек көздерге жүгіну қажеттілігімен ҚМДБ-ның пәтуасына жүгіну қажеттілігін сезіндім. Алдағы уақытта туып-өскен еліме адал қызмет етіп, отбасыма әке-шешемнің ризашылығына бөленіп, жақсы қызмет көрсетемін.

Құрметті бауырлар, интернеттегі түрлі белгісіз уағызшыларды, дінді өздеріне бетперде қылып алған уағызшыларға ермей, ҚМДБ-ның діни уағызшыларын тыңдап, дұрыс жолда жүрейік. Бауырлар ақиқатты іздеп адаспайық.