БАС МҮФТИ: ЕРЛІГІМІЗДІ КӨРСЕТІП, ЕЛДІГІМІЗДІ ТАНЫТАЙЫҚ

0
56

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында мүфтият еріктілерімен бірге ортақ іске атсалысып, тұрғындар үшін дұға етті.

Еріктілерге насихат айтқан Бас мүфти: «Қазір халықпен бірге болып, белсенділік танытатын сәт. Сондықтан сын сағатта ерлігімізді көрсетіп, елдігімізді танытайық. Сіздерді бүгін заманның нағыз батырлары деп санаймын. Күндіз-түні көз ілмей, жұмыс істеп жатырсыздар. Сіздердің бұл ерліктеріңіз өскелең ұрпақ үшін өнеге болары сөзсіз. Алла Тағала игі істеріңізге мол сауаптан жазсын. Жаратушы Жаббар Иеміз бұл қиындықты бірге еңсеруде күш-қайрат нәсіп еткей. Халқымыз қалыпты өмірмен қайта қауышқай» деді.

Наурызбай қажы Тағанұлы ел амандығы үшін арнайы дұға жасады. Айта кетсек, «Зекет және қайырымдылық» қорының Қостанай облысындағы 400-ге жуық еріктісі ортақ іске жұмылдырылған.