Шымкент қаласында орналасқан «Ақмешіт» қайырымдылық мекемесінің ғимаратында имамдарды кәсіби қайта даярлау және біліктілігін көтеруге арналған «Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» ашылып, жұмыс істеп келеді.
Апталық курс барысында имамдарымызға қажетті дүниелердің барлығы түсіндіріліп, айтылып келеді. Кезекті топқа Шымкент қаласының Бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев арнайы қатысып, ІІІ имамдар форумында қабылданған «Жеті рухани қазық» құжатының мәні мен маңызы туралы имамдарға дәріс оқыды.
«Шымкент имамдарының білімін жетілдіру орталығы» жетекшісі Мұхамеджан Естеміровтың айтуынша, үш аптада 75 мешіт қызметкері біліктілігін көтеріп, тәлім алды.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *