Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Мешіт – мейірімділік мекені» тақырыбында сөйлей алмайтын және естімейтін тұрғындармен кездесу ұйымдастырылды.

Облыс бас имамы Әнуар Ізімбайұлының бастамасымен өткен шара барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға сурдоаудармашы (ымдау тілі маманы) Ардақ Орынбасарқызының көмегімен Ислам дінінің құндылықтары түсіндіріліп, сұхбат өрбіді.

Шара соңында мейірімге толы кездесудің қатысушылары үшін ақ дастарқан жайылып, оларға сый-құрмет көрсетілді.

От haqjoly.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *