«Нұр-Мүбарак» баспасының тамаша тартуы!

0
762

Ислам әлеміндегі дін әлеуметтануының негізін салушы ғұламалардың бірегейі Әл-Фарабидің есімімен тікелей байланысты. Бұл деректі «Нұр-Мүбарак»  баспасынан жарық көрген «Дін әлеуметтануына кіріспе» оқу құралы растай түседі.

«Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Дінтану кафедрасының аға оқытушысы, докторант Ернар Есімқұловтың әлі сиясы кеппеген еңбегі дін әлеуметтануының дербес сала ретінде пайда болуы, қалыптасуы мен дамуы, ислам әлеміндегі дін мен қоғамға қатысты тұжырымдар талданған. Дін мен қоғам арақатынасы, әлеуметтанулық зерттеу әдістері, әлеуметтік өзгеріс, әлеу.конфликт және дін, діни топтар мен жаңа діни ағымдар әлеуметтануы, жаһандану жағдайындағы дін сынды негізгі тақырыптар соңғы зерттеулер негізінде қарастырылған.

Университет проректоры, PhD, доцент Қайрат Құрманбаев отандық дінтану мектебі дін әлеуметтануы саласындағы еңбектерге мұқтаж болғандықтан, жаңа кітап әлеуметке өте пайдалы деген үмітін «Алғы сөзде» атап өткен.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің сараптау комиссиясының оң қорытындысын алған жаңа туындыға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ф.ғ.д., профессор Қарлығаш Борбасова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті ф.ғ.к., доцент Кеңшілік Тышхан, Нұр-Мүбарак ЕИМУ ф.ғ.д., профессор Қ. Затов та оң пікірлерін білдірген.

Оқу құралы ЖОО «Дінтану», «Теология», «Исламтану» мамандығында білім алушы студенттер, қоғамдағы дін қызметі мен орнын жақынырақ танығысы келетін ізденушілерге өте пайдалы болмақ.