Бұрмаланған дін құрбандары

0
600

«Әр қазақ-менің жалғызым» деп қанымызға бауырмалдықты,жанашырлықты сіңіріп өскен елміз. Сондықтан болар ,жат ағымға алданып, бос қиялдың жетегінде кеткен қандастарымыз жайында естігенде «Неліктен ?Әттеген-ай!» дейтін сәттер көп болады.

2000 жылдардың басынан бастап қазақстандықтар шетелде террористік топтардың қызметіне қатыса бастады.Әсіресе,сол кезде Ресей Федерациясында (Дағыстан және Шешенстан), одан әрі Ауған бағытыттарында террористік іс-қимылдарға бой алдырушылар  қатары арта түсті. Көп жағдайда бұл салафи мешіттеріне жиі баратын жас діни адамдар болды.

Сириядағы азаматтық соғыстың басталуымен және Ирактағы террористік топтардың күшеюімен, әсіресе ИШИМ және Хайят Тахрир аш — Шам тұлғасындағы халықаралық террористік ұйымдар (бұдан әрі-МТО) ықпалының өсуімен бірге Сирия-Ирак аймағы бүкіл әлемнен, оның ішінде Қазақстаннан рекруттарды тарту аймағына айналды. ISIS MTO құбылысы діни фанатизмге, тәжірибесіздікке, сенімсіздікке және алдауға байланысты «Ислам мемлекетін құру» жүйесіне адамдарды тарта бастады. Сол мемлекеттің өмірі мен құрылысы үшін ISIS бақылауындағы аумаққа кеткен бүкіл қазақстандық отбасылардың жағдайы елді алаңдатпай қоймады . Қазақстан азаматтарының үлкен тобының шығуы туралы Сириядан келген қазақтардың бейне үндеуі интернетте таралғаннан кейін белгілі болды.Қазақстандықтардың отбасылары мен кішкентай балаларды ISIS террористік ұйымының идеологтары кәсіби дайындаған өздерінің деструктивті идеологиясын насихаттауға және «қолдан» жасалған соғысқа бас сұқтырып жатқандары көрер көзге мәлім еді. Кейіннен жүйенің көптеген қатысушылары біреудің соғысы мен жерінде өлетіндігін , ал олардың әйелдері мен балалары әр түрлі МТО содырлары үшін тірі тауарға айналатындығын болжау қиын емес болды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында ыстық нүктелерге шыққан қазақстандықтардың саны туралы қайшылықты ақпарат таратылып, бастапқыда 400, кейінірек 500 адам шыққандығы айтылды.

2018 жылғы шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитеті Таяу Шығыстағы соғыс басталған сәттен бастап Сирия мен Иракқа Қазақстанның 800-ге жуық азаматы, оның ішінде 120-ға жуық ер адам, 250-ден астам әйел және 500 кәмелетке толмаған бала кеткені туралы жұртшылықты хабардар етті.

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  2019 жылдан бері «Жусан» теңдессіз гуманитарлық операциясы қолға алынды. Алайда, ол кезде гуманитарлық операция өткізу қажеттілігі туралы қазақстандықтардың пікірлері екіге бөлінді. Көпшілік отандастарға жаңа өмір бастауы үшін оларға көмек қолын созу қажет деп санады. Басқалары оралмандар қазақстандықтарға радикалды идеологияны «жұқтырады» және қоғам үшін қауіпті деген сенімге бейім болды.

Қазірге дейін 5 рет сәтті жүргізілген «Жусан-1,2,3» гуманитарлық операциясының нәтижесінде 2019 жылғы санақпен Сириядан 524 адам шығарылды, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел, 357 кәмелетке толмаған оның ішінде 27 жетім балалар бар.

Террористік іс-әрекетке қатысқаны үшін айыпталған, оларға қатысты қылмыстық іс қозғалған адамдарды қоспағанда, барлығы дерлік арнайы бейімдеу орталықтарында орналастырылды.

Қазақстанның үлгісі бойынша эвакуацияны Өзбекстан мен Тәжікстан билігі жүргізді.

Айта кету керек, Сирия мен Ирактағы террористік әрекетке қатысушылардың ешқайсысы азаматтығынан айырылған жоқ. 2017 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының 10-бабына террористік қылмыстар жасағаны және ҚР өмірлік маңызы бар мүдделеріне өзге де ауыр зиян келтіргені үшін соттың шешімімен азаматтықтан айыруға жол беретін түзету енгізілді.

Қорыта айтқанда, аяғын шалыс басып елге оралған қандастарымыздың арасында оңалту жұмыстарын жүргізіп, бұрынғы өміріне қайта оралуына барынша ат салысқан жөн деп есептейміз .

Нургүл Сулейман
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
3-курс студенті