Қазақстан Республикасының «18 қазан – Рухани келісім күні» мерекесіне орай Шымкент қаласындағы діни конфессиялар жетекшілерімен өткен кездесу

0
730

«18 қазан — Рухани келісім күні» мерекесіне орай, 2021 жылғы 18 қазан күні Шымкент қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан діни конфессиялардың басшыларын қабылдады.

Кездесуде қала әкімінің бірінші орынбасары діни конфессия басшыларымен дін жұмыстары бойынша пікір алмасып, дінаралық қарым-қатынас мәселелерін талқылады.

Мәжіліс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Б.Н.Абдрахманов, «Казанской иконы Божией матери» жергілікті православиелік діни бірлестігі  протоиерейінің көмекшісі А.Ф.Королевский, Шымкент қаласының «Агапе» Інжілдік христиан шіркеуінің пасторы А.А.Шаталов т.б. дін өкілдері сөз сөйлейді.

Кездесу соңында конфессия басшыларына мерекеге орай қала әкімі М.Әйтеновтің атынан алғыс хаттар берілді.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 22 қыркүйек – 15 қазан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен «18 қазан – Рухани келісім күніне» орай діни конфессия өкілдері арасында ұйымдастырылып өткізілген спартакияда бойынша футбол ойынында 1 орын алған ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша «Өкілдік» командасына кубок табысталады.