ЕЛБАСЫ ҚОЛТАҢБАСЫ БАР ЖОБАЛАР

0
386

Тұңғыш Президентіміздің қолтаңбасы бар Тәуелсіздік дәуірінің ерекше жобасы ретінде Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласын айрықша атап өтуге болады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның бас қаласы еліміздің ғана емес, бүкіл өңірдің нақты саяси, экономикалық және мәдени орталығына айналды.Бұдан бөлек, Шымкенттің республикалық дәрежедегі қалаға айналуын – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жобасы екенін мақтанышпен айтамыз. Елбасының бұл тарихи Жарлығы қаланың жаңа тынысын ашты, серпін берер мүмкіндіктерге бастады.Соңғы жылдары еліміздің үшінші мегаполисінде өнеркәсіп өнімі 2 есеге артып, 700 млрд. теңгеге жетті. Инвестиция 1,3 трлн. теңгеге өсті. Биылғы жылы алғаш рет 1 млн. шаршы метр тұрғын үй салынуда. Қала бюджеті төрт есеге өсіп, 495 млрд. теңгеге жетті.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қамқорлығындағы қаламыз бүгіннен де биік белестерден көрінеді деген сенімдеміз.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі