«Қандастар үлесі» кітабының тұсаукесері өтті

0
734

2021 жылғы 7 желтоқсан, Нұр-Сұлтан қаласы. Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жазушы, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратхан Шоқанның «Қандастар үлесі» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шараға шығармашылық зиялы қауым өкілдері, шет елдердегі отандастар және түрлі салаларда табысқа жеткен танымал тұлғалар қатысты.Қатысушылар әлемнің түкпір – түкпірінен тарихи Отаны-Қазақстанға оралған отандастарымыздың жемісті еңбегі мен жетістіктері туралы нақты әңгімелерімен бөлісті.«Қандастар үлесі» атты жаңа жинақ Қазақстанның дамуына қандастардың қосқан үлесі туралы. Кітаптан көрнекті ғалымдардың, талантты спортшылардың, өз еңбек жолында көшбасшы қандастар арасынан шыққан кәсіпкерлердің өмірбаяндары, еңбектерімен танысуға болады. Іс-шара барысында суреттер, кітаптар, қолданбалы бұйымдар көрмесі ұсынылды. Тұсаукесерді ҚР АҚДМ қолдауымен Отандастар қоры және Нұр-Сұлтан қаласының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды.