«Ақниет» ҚҚ теологы «Жусан» репатрианттарымен кездесті

0
490

«Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасы шеңберінде Батыс-Қазақстан облысындағы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» ҚҚ өкілдігінің теолог-кеңесшісі Данаева Назгүл Медерқызы «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде елге оралған азаматшалармен «Армандаудың әдебі» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу Батыс Қазақстан облысындағы «Ақниет» ҚҚ өкілдігінің кеңсесінде өтті.Ұсынылған тақырыптың басты мақсаты мақсат қоя білуге, мақсатты орындау үшін армандай білу қажет екенін түсіндіру. Армандай білген адам рухани күшімен ерекшеленетінін, арманға жету жолында жігер салып күресе білу керек екенін жеткізу.Кездесу — ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғарылатуды, дарынын ашуды, зеректік қабілетін дамытуды, өз ойын дәл, тез, жүйелі жеткізе білуге дағдыландыруды және тұлғалық және тұлғааралық қатынастарды қарастырады.Кездесу — білімге деген құштарлыққа, ізденімпаздыққа танымдық ойын арқылы жетелеуді, білімдерін, қаншалықты білетіндіктерін тексере отырып ойын барысында жағдайды жеке аяқтау тәсілін жасау ұсынылады.Кездесу — өз ойын тез тұжырымдай білуге, жылдам, дұрыс шешім қабылдай білуге және ұжым намысын қорғау үшін қалай әрекет ету керектігі туралы ой қозғау.Армандау — армандай білу өнер. Армандай білген адам, мақсат қоя біледі. Мақсат қойған адам, оған міндетті түрде қол жеткізеді.Армандау — сәттілікке бастар жолдың алғашқы баспалдағы. Арман ғана көздегенімізге қол жеткізу үшін бас көтермей жұмыс жасауымызға себепші болады.Кездесудің пайдасы1. Қатысушылар жылдам шешім қабылдай алуға, білімге деген қызығушылықтарының дамуы.2. Сайыскерлердің ой-өрісін ширату мақсатында мазайкалар құрастыруға беріледі. Сол кезде басқа адамдардың құрастыруына байланысты басқаларға қарағанда өзін қалай ұстайтындығы туралы түсініктің пайда болуы.3. Сұрақтарға жауап беру арқылы көптеген жаңа мәліметтерді үйренеді.Бұл үйренудің және тәжірибе жинаудың тиімді әдістерінің бірі.4. Көп жағдайда интелектуалды ойындар білім мен дағдыларды сіңірудің салыстырмалы түрде ауыртпалықсыз және жағымды әдісін ұсынады.5. Топпен жұмыс істей отырып,өзгенің пікірін құрметтей білугедағдылану.Осы ретте қатысушыларға діни тұрғыдағы адамның бір-бірімен қарым-қатынас туралы түсіндірмелі жұмыс жүргізіліп,топаралық пікірталас орын алды. Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.