«Акниет» ҚҚ-ның өңірлік кеңсесінде теологиялық тренинг өтті

0
447

«Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының Маңғыстау облысы бойынша теолог-консультанты Азамат Тулепов өңірлік кеңсесінде «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» жобасы аясында «Дін — қоғамдық құндылықтардан ажыраған кезде радикалдану пайда болады» атты тақырыпта тренинг жүргізді.Бір мақсат, бір мүдде үшін адамдардың бірлесіп өмір сүруі, яғни қоғам болып үйлесуі рухани және материалдық құндылықтарға негізделеді. Адамгершіліктің өлшемі саналатын рухани құндылықтарға отбасы, махаббат, достық, өзін өзі тану, дін, дәстүр жатады. Ал үй, жақсы жұмыс, қаржылық еркіндік сияқты материалдық игіліктер тұлғаның әлеуметтік мәр-тебесін қалыптастырады. Сондайақ бостандық, адамның қадір-қасиеті, теңдік және ынтымақтастық, демократия және заңның үстемдігі — қоғамның маңызды құндылықтары.Адамдардың құндылықтары мен сенімдерін, тұрақтылығы мен уақыт өткен сайынғы өзгерістерін және олардың әлемнің түрлі елдеріндегі қоғамның әлеуметтік және саяси дамуына ықпалын зерттейтін «Әлемдік құндылықтарға шолу» (World Values Survey) атты жаһандық жоба бар. Бұл — әлеуметтік ғылымдар бойынша әлемдегі ең ауқымқы зерттеу бағдарламасы. Жоба бойынша дүние жүзінің 110 елінде орналасқан 200-ден аса ғылыми және зерттеу ұйымдарының әлеуметтанушылары, саясаттану-шылары, зерттеушілері және ғалымдары жұмыс істейді.Бағдарлама шеңберінде 1981 жылдан бастап әлем халқының 92%-ы тұратын 110 елде жаппай сауалдама жүргізіліп келеді. Аталған жаһандық жобаның аясында Қазақстанда екі рет сауалдама жүргізілген. Соның бірін «Қоғамдық пікір» зерттеу институты ұйымдастырды. Бұл туралы бізге аталған институттың директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты Ботагөз Рақышева айтып берді.World Values Survey жаһандық зерттеу жобасы бойынша жүргізілген алғашқы сауалдама 2011-2014 жылдарды қамтыған. Оның нәтижесінде қазақстандықтардың 92,4%-ы басты құндылық ретінде отбасын алға қойған. Одан кейін жұмыс, достар, бос уақыт, дін және соңынан саясат маңызды деп есептейді.Бүгінде біз — әлем мойындаған, әлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі, мақтан тұтар мәдениеті, лайықты салт-дәстүрі бар елміз. Келісім жоқ жерде бірлік жоқ. Ал бірлік болмаса, тірлік те жоқ. Қазақстанда ұлтаралық келісім ең жақсы үлгіде жүргізілуде. Сондықтан әлем елдері мемлекетімізден үлгі алуда, біз бұған қуанамыз. Елбасы айтқандай, айқын мақсатқа жетер жетістіктерімізді ортақ табыспен сәйкестендіріп, жұмыла жұмыс жасау әрбір қазақстандық үшін маңызды. Оны санамызға серік етіп, жүрегімізбен ұғынуымыз керек.Тұрақтылық негізі — татулық. Ал татулық кез келген елді, халықты тек жақсылық пен ынтымаққа, келісімге жетелейді. Ислам — бейбітшілік пен амандық кепілі. Ислам шариғаты адамзаттың бүгіні және болашағы қарсы алдында шығатын барлық мәселелердің гумандық шешімі бар. Исламда зорлық-зомбылық атымен жоқ. Әділеттілік пен теңдік Исламның негізгі қағидаты. Дініміздің мәмілегершілік, жақсы мінез-құлық һәм өнегелі насихат арқылы тарады.Дін — қоғамнан, мәдениеттен, ғылым-білімнен, өркениеттен, өнерден ажыраған кезде — радикалдану, адасу, ағымға бөліну, қатыгездік, агрессивтік, экстремистік көзқарас бірден пайда болады. «Өңірлердегі түсіндіру және оңалту жұмыстарын жүргізудің бірыңғай тетіктерін қамтамасыз ету» әлеуметтік жобасын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қамқорлығымен «Ақниет» АНОО» ҚҚ іске асыруда.