«Парасат» колледжінде рухани кездесу өтті

0
375

Жуырда Шымкент қаласында орналасқан «Парасат» колледжінің  «Саналы ұрпақ» орталығында  рухани тәлім тәрбие  — Ихсан іліміне байланысты «Дін және Жастар» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Игі шараға Шымкент қалалық мешіттің бірінші найб имамы Мұсабек Ақтамберді арнайы қатысып, рухани тәрбие және дін мен дәстүр сабақтастығы жөнінде уағыз-насихат айтты. 

Шара барысында «Парасат» колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қазыбек Ержанов мырза ризалығын білдіріп, алғыс айтты.

 Басқосу аясында дінтанушы Мұсабек Ақтамберді қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап берді.