ЖАСТАРДЫҢ ТАҢДАУЫ — ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ

0
509

Ел Конституциясына енгізілетін өзгерістер жастарды да қызықтырып отыр. Себебі, елдің ертеңіне елеңдеп, адал қызмет етуді мақсат еткен отаншыл жастар референдумнан үміті көп.

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында елді өркендетуге енжар қарамайтын жастармен бас қосып, референдумға ұсынылған өзгерістердің маңызын талқыға салдық.

Еркін форматта өткен басқосуда жастарға Конституцияға енгізілетін өзгерістер жөнінде толығырақ түсіндіріп, түзету енгізілетін заңдарға рет-ретімен тоқталдық. Саяси маңызы бар науқанға қатысты кейінгі толқын өкілдерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдадық.

Жастардың өзгерісті қалайтындары және әділетті қоғам құруда өз үлестерін қосуға дайын екендері анық байқалды. Жаңа Қазақстанды жалынды жастармен бірге құрамыз!

Кездесуге Шымкент қалалық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қожамжарова Дария Пернешқызы, Пушкин атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Романова Наталья Сергеевна, қалалық орыс драма театрының көркемдік жетекшісі Верұбицкий Игорь Владимирович арнайы қатысты.

ReferendumAmanat