«Иман» мешітінің имамы әскерилермен жүздесті

0
405

Талдықорған қаласының №18404 әскери бөлімінің арнайы шақыруымен облыстық «Иман» мешітінің имамы Ернар Өмірбеков аталған әскери бөлімнің жеке құрамымен жүздесті. Кездесуге бөлімнің басшылары, жеке құрам және сарбаздар қатысты. Ернар Өмірбеков бір Аллаға құлшылық ету, жалпы Ислам сөзінің мағынасын ашықтап, түсіндіріп берді. Жиһад, шаһид сөздерінің мағынасын түсіндіріп, басшыға бойұсыну және суицид жайлы сөз қозғап, аят пен хадистерден дәлел келтірілді. «Отанды сүю – иманнан» деген сөзге түсіндірме берді. Сарбаздар мен офицерлер имамға көкейкесті сұрақтарын қойып, нақты, дәлелді жауаптар алды. Айта кетейік, діни алауыздық орнаған заманда құқық қорғау және әскери мекемелер қызметкерлерінің діни сауатты болуы – баса назар аударатын жағдай. Жетісу имамдары осыған дейін бірнеше әскери бөлімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесу өткізгендерін хабарлағанбыз. Кездесулер жалғасын табуда.